Басты бет / Жаңалықтар /
жол жабық, боран
Фото: Жамбыл облысы ПД

Қазақстандағы республикалық маңызы бар жолдардың барлығы ашық

16 наурызда сағат 10:30-дағы жағдай бойынша барлық республикалық маңызы бар жолдардың барлығы ашық. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! 16 наурыз сағат 10:30-дағы ахуалға сәйкес республикалық маңызы бар автожолдардың барлығы ашық, қозғалысқa шектеу жоқ, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 16 наурыз сағат 09:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар екі автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілген еді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram