Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Алматы әуежайында кешеден бері ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар рейс кешігіп жатыр. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жағдай тұрақталғаннан кейін әуе кемелеріне көктайғаққа қарсы кезекпен қызмет көрсетуді жандандырды. Жұмысқа барлық арнайы техника мен күшейтілген ауысымдық жеке құрам жұмылдырылды.

Бірінші кезекпен кешіктірілген рейстерге қызмет көрсетілгендіктен, ұшып келген ұшақтар тұрақ орындарының босағанын күтіп тұрды. Сонымен қатар жұмысқа барлық жолаушы баспалдақтары іске қосылған. Баспалдақтардың жетіспеушілігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, — делінген хабарламада.