Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Алматы халықаралық әуежайында жаңбыр мен қардың салдарынан бірнеше рейс кешігіп жатыр.

Әуежайдың онлайн-таблосына шыққан мәлімет бойынша Алматыдан Өскеменге, Петропавлға, Астанаға, Семейге ұшатын рейстер, сонымен қатар Астана, Шымкент және Ақтаудан келетін рейстер кешігіп жатыр.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы халықаралық әуежайында жерүсті қызмет көрсету қызметтері қалыпты режимде жұмыс  істеп тұр.

Ауа райына байланысты рейстердің кешігуі байқалмайды. Дегенмен кейбір рейстердің кешігуіне байланысты сұрақтар бойынша тікелей әуе компаниясына хабарласуыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.