Алматыда бір тәулікте 22 жол апаты тіркелді

Алматыда полицейлер коммуналдық қызметтерге қаланы қардан тазалауға көмектесіп жатыр. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.

Қаланы қардан тазалау үшін патрульдік полиция мен мамандандырылған батальонның 25 экипажы қар тазалау техникасын сүйемелдеп, жол бастап жүрді.

Қаланың негізгі магистральдарында кешкі уақытта қозғалыс қолмен реттеу арқылы қамтамасыз етілді. Кейінгі тәулікте қалада барлығы 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қаза болғандар жоқ. Толассыз жауған қар қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатты. Осы ретте, патрульдік полиция полкі мен мамандандырылған батальонның 25 экипажы қар тазалау техникасын сүйемелдеді, — деді қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Ауа райының нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.