«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жасады

«ҚазАвтоЖол» компаниясы ауа райына байланысты еліміздің автожолдарындағы жағдай туралы хабарлады.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Қызылорда облыстарында қалың тұман түседі. Көрініс шектелуі мүмкін. Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Түркістан және Алматы облыстарында қар мен жаңбыр жауып, көк тайғақ пайда болу қаупі бар. Ақмола облысында жаяу бұрқасын мен тұман болады деп болжанған, — делінген хабарламада.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды.