Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста республикалық маңызы бар үш автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Ақтөбе облысында — жалпы ұзындығы 189 км бір автожол (жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ).
1. «Самара-Шымкент» «ЭКО Ойл» жанармай құю бекеті — Қарабұтақ елді мекені (жүк және қоғамдық көлік үшін).
Қызылорда облысында — жалпы ұзындығы 204 км бір автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты).
1. «Қызылорда-Павлодар»-Қызылорда қ.-Ұлытау обл.шекарасы (автокөліктің барлық түрі үшін).
Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 208 км бір автожол (жаңбыр, көктайғақ).
1. «Қызылорда-Павлодар»-Қызылорда обл.шекарасы-Талап а.(автокөліктің барлық түрі үшін).
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 247 бірлік техника және 284 жолшы жұмылдырылған.
