Сот анықтағандай, азамат А. жеке еңбек шарты негізінде ЖШС-де күзетші ретінде еңбек еткен. Жұмыс беруші азамат А-ны ақысы төмен жұмысқа ауыстырған. Аталған жұмыста еңбекақы аз төленгендіктен және ауыстыру туралы бұйрық көрсетілмегендіктен азамат А. лауазымнан бас тартқан. Азамат А. жұмыс берушімен жұмыстан босатылды.
Сот шешімімен азамат А. ЖШС-не өзінің бұрыңғы жұмысына күзетші ретінде қайта алынды. Азамат А-ның пайдасына амалсыз бос жүрген уақытына еңбекақысы және өкілдің көмегін төлеу бойынша шығыны, сонымен қатар 15 000 теңге көлемінде келтірілген моралдық зиян өндірілді.