Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 450–454 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 450,3–452,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 450–454 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 26 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 449,88 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,83 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,75–4,87 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,7-4,83 теңгеден сатылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да