Су тасқынына байланысты үш облыста көлік қозғалысы шектелді

Шығыс Қазақстан облысында «Семей-Қайнар» жолының 8-166 шақырымы аралығында (27 шақырымын су шайып кеткен) барлық көлік түрлерінің жүрісі шектелген. Осы аралықты айналып өту «Семей-Қарауыл» облыстық жолы арқылы жүргізіледі.

Қарағанды облысында қарғын судың тасуына байланысты «Ақшатау-Ағадыр» жолының 166 шақырымында 750 метр жерді су алып кеткендіктен оның 90-167 шақырымы аралығы барлық көлік түрлеріне жабылды.  Бұл тұсты айналып өту «Қарағанды-Ақсу-Аюлы-Ағадыр» бағытымен жүргізіледі.

Сонымен қатар, «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» жолының 141 шақырымындағы тұсын су басып қалды (ені -350 м, тереңдігі — 10-15 см).

Су шайып кеткен жолдар:

1. «Жәйрем-Қаражал-Атасу» 120 км (жол шетінің үш жерін су шайып кеткен, ұзындығы — 220 м, ені -1-2 м);

2. «Жәйрем-Қаражал-Атасу» 151 км+500 м (шетін шайып кету, ұзындығы -132 м, ені — 1-2 м).

ОҚО-да су тасқынына байланысты  «Самара — Шымкент» жолының 2217-2235 км (2229 км) аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды. Өйткені Арыс өзеніндегі көпірдің тіректері мен жағасын су шайып кетті.

Аталған учаскелерде су шайып кету салдарын жою, бекіту жұмыстары жүргізілуде, ескерту белгілері және бағандары орнатылған.

ДереккөзInform.kz