Бүгін Астана мен Атырауда ауа ластанады

Бүгін Астана мен Атырауда ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

2024 жылғы 13 ақпанда Астана, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.