Доллар 447–451 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447–451 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448,1–450,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 447,5–451,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 13 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 446,72 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,90 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,89–5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,9-4,97 теңгеден сатылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да