Үш министр өз орнын сақтап қалды

Қазақстан үкіметінде ауыс-түйіс басталды. Президент үш министрді тағайындады. 

Олар бұған дейін атқарған қызметінде қалды. Мемлекет басшысының жарлығымен:

  • Мұрат Нұртілеу премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі лауазымына;
  • Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметіне;
  • Ержан Сәденов ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Еске салайық, мәжіліс депутаттары премьер-министр лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновті тағайындауға келісім берді.