Мемлекет басшысы: Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет

Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Жаңа экономикалық даму жағдайына бейім болып, кез келген қауіп-қатерге төтеп беру үшін үкіметтің өзі де толық қайта жандануға дайын болуға тиіс. Соның арқасында өзекті мәселелерге жаңа көзқараспен қарап, нағыз реформаторлық шешімдер қабылдау мүмкін болмақ. Жалпы, үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет деп ойлаймын. Бүкіл қоғамның күтіп отырғаны осы. Сол себепті кеше мен премьер-министр Әлихан Асханұлы Смайыловтың отставкасы туралы өтінішін қабылдадым. Әлихан Асханұлының басшылығымен үкімет ел экономикасында және әлеуметтік салада тұрақтылықты қамтамасыз етті. Қарқынды дамуға қажет маңызды қадамдар жасады, — деді президент.