Астанада үш баланы ұрған ер адам ұсталды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ер адамның үш баланы ұрған сәті видеокамераға түсіп қалған. Бұл оқиға көпшіліктің наразылығын тудырды. Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді.
Байқоңыр ауданының полиция басқармасы осы тұрғын үй кешенінің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, — делінген хабарламада.
