АҚШ Сирияға зымыранды шабуыл жасап жатыр

Пентагон өкілдерінің хабарлауынша, бүгін түнде «Шайрат» авиабазасы аймағында 50 шақты «Томагавк» зымырандары ұшырылған.

CNN арнасы АҚШ өзінің бұл қадамы туралы бірнеше елдерге ескерткенін хабарлайды. Бірақ бұл тізімге Ресей енбеген. Бұл ақпаратты «Тайм» газетінің тілшілері де растап отыр. Олардың жазуынша, Дональд Трамп шабуылды бастар алдында Ресей президенті Владимир Путинге хабарласпаған.

Дональд Трамп бұл шабуылды Сирияның химиялық қаруды бейбіт тұрғындарға қолданғалы жатқанын біліп, соның алдын алу үшін жасағанын айтуда. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы бұл жағдай қайталанған болатын. Сирия басшысы химиялық қаруды өзінің тұрғындарына қолданып, нәтижесінде 1500 бейбіт тұрғын көз жұмған еді.

«Химиялық қаруды қолданудың алдын алу — АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Ал, Сирияның бұл қаруды қолдануы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бұйрығын орындамаумен тең. Олар химиялық қару туралы Конвенцияны бұзды»,- дейді Трамп.

Ал Британиялық басылымдар бұл шабуылдың соңы АҚШ мен Ресейдің араздығына әкелуі мүмкін екенін жазып жатыр. Себебі жарылыс кездерінде Сирия өңіріндегі ресейлік әскерилер қаза табуы мүмкін.

ДереккөзBBC.com