Владимир Путин: «Ресей АҚШ-пен қарым-қатынасының түзелгенін қалайды»

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Құрама Штаттардың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп ресми түрде қызметіне кіріспейінше, ресейлік басшы онымен келіссөздер жүргізбейді.

АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесінде Республикалық партияның өкілі Дональд Трамп сайлау алқасының 270-тен астам дауысын иеленіп, елдің 45-ші президенті атанды. Ресей Мемлекеттік думасының депутаттары оның жеңісін қуанышпен қарсы алды.

Сайлау нәтижелері жарияланған соң Трамп өзінің жақтастары алдында сөз сөйлеп, АҚШ-тың мүддесі үшін қызмет ететінін, бірақ басқа да елдерге «әділ» қарайтынын мәлімдеді.

«Біз жауласу емес, достасу жолдарын таңдаймыз», — деді Трамп.