Қытайда тағы бір жер сілкінісі болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.
Жер асты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 29 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 10.05-те тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан — афтершок. MPV магнитудасы — 4,4, — делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.
