Алматыда 222 жер телімі әлеуметтік мақсатқа сатып алынды

Қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін Алматының жер қатынастары басқармасы былтыр 222 жер телімін сатып алған.

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • Мәселен, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық;
  • Бостандық ауданында жайлы мектеп салу Әуезов ауданы Қуаныш шағынауданындағы № 18 емхана;
  • Абай-Тұрғыт Өзал даңғылын абаттандыру және көгалдандыру;
  • Бостандық ауданындағы «Молодежный» саябағын салу;
  • Алатау ауданы Мұхитдинов көшесіндегі балабақша;
  • Түрксіб ауданы Әлмерек шағынауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория, балабақша және т. б. жобалар бойынша сатып алу аяқталды.

2023 жылы қалада жер комиссиясының төрт отырысы өткізіліп, 2818 өтініш қаралды, Алматы әкімдігінің 1 478 жеке тұлғаға және 2 448 заңды тұлғаға қатысты 516 оң қаулысы қабылданды. Қазіргі кезде Алматының жер көлемі 68,3 мың гектар, — делінген хабарламада.