Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 27 қаңтар күні ауа райы қандай болатынын жариялады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылып тұрады.

Сонымен қатар жауын, қар жауады (көбінесе қар) жауады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да