Қазақстандық көліктерді смартфон арқылы басқаруға болады

2017 жылдың сәуір айынан бастап «АЗИЯ АВТО» шығаратын автокөліктерге арнайы телематикалық құрылғылар орнатылады. Ол жүйе арқылы автокөлік пен смартфонды және сервис орталығын байланыстыруға болады.

Сәуір айынан бастап, Өскеменде құрастырылған автокөлік иелері өз көліктерін смартфондары арқылы қашықтықтан басқара алады. Телематикалық жүйе машинанық техникалық жағдайын да қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді. Смартфонмен қозғалтқышты оталдыруға, жүк салғышты ашуға, жылдамдықты бақылауға, сигнал беруге болады. Сонымен қатар, оған дабыл қызметі орнатылған, эвакуация кезінде немесе көлікті соғып кеткен жағдайда ақпарат телефоныңызға хабарланады. Ал көлікті басқа біреуге айдауға берген болса, машина өзінің орналасқан жерін жеткізіп отырады.

Айта кетейік, «АЗИЯ АВТО» зауыты Skoda (Octavia, Rapid, Superb, Yeti), Chevrolet (Aveo, Captiva, Cruze, Malibu, Orlando, Tracker), LADA (4×4, Granta, Kalina, Vesta, XRay, Largus) және KIA (Carens, Carnival, Cee’d, Cerato, Cadenza, Optima, Mohave, Picanto, Pro Cee’d, Quoris, Rio, Sorento, Soul, Sportage) автөліктерін құрастырады.

ДереккөзToday.kz