Apple жаңа iPhone смартфондарын «сұйық металдан» жасамақ

Құрылымы бойынша шыныны еске салатын корпус титан, цикрон, мыс, никель және өзге де металдардың ерітіндісінен тұрады. Бұл өте берік, төзімді материал дейді мамандар. Олар жасаған ерітіндіге ұсақ сызаттар мен қайта қалпына келу қасиетіне байланысты «сұйық» деген атау берді.

Естеріңізге сала кетейік, мұның алдында да Apple «сұйық металл» жайлы бірнеше рет айтқан болатын. Бірақ компания бұл жолғы iPhone сыртының дәл осы металдан жасалатынын нақты құжатта көрсетті. Apple бұл технологияны мерзімсіз қолдану лицензиясын калифорниялық Liquidmetal Technologies фирмасынан алды. Себебі «сұйық металл» технологиясын дәл осы ғылыми-технологиялық институттың бұрынғы инженерлері ойлап тапты.

Дереккөз24.kz