Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 444-448 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445,1-447,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 444-448 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 24 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 446,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,07 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93-5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,92-5,07 теңгеден сатылып жатыр.
