Қытай мен Қырғызстан аумағында тағы жер сілкінді

Алматыда бүгін түнімен афтершоктар үзілген жоқ. Сейсмикалық станциялар желісі тағы екі жер сілкінісін тіркеді.

Бұл жолғы дүмпу таңғы сағат 08.39 кезінде болды. Тербеліс ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 212 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында. Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.3. MPV магнитудасы — 4.4. Тереңдігі — 10 шақырым.  Алматыда сезілген жоқ. Афтершок 10-15 минутта тағы қайталанды.

Астана уақытымен таңғы 08.54 шамасында тағы жер сілкінді. Дүмпудің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде, Қытай аумағында болды. Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.4. MPV магнитудасы — 5.1. Тереңдігі — 5 шақырым. Алматыда сезілген жоқ.

Жалпы кейінгі төрт жер сілкінісін де қазақстандықтар сезбеді.  Мұның алдында таңғы 05.50 және 07.35 кезінде екі зілзала болған еді.