Алматыда үйлер мен ғимараттар тексеріле ме?

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев түнде болған күшті жер сілкінісі салдарынан үйлері зақымданған қала тұрғындарына қайда жүгінуге болатынын айтты.

Тіршілікті қамтамасыз етудің барлық нысандары, жеке жер үйлер, көпқабатты тұрғын үйлер тексеріледі. Қала тұрғындары бізге ақпарат жібере алады, сонымен қатар біз өз ресурстарымызда және әлеуметтік желілерде телефон нөмірлерін жарияладық. Біз бәрін тексереміз. Нақты айта алмаймыз. Бүгін, ертең, арғы күні болуы мүмкін, — деді спикер брифиңде.

Еске салайық, төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде сезілді.

Алматылықтардың айтуынша, жерасты дүмпуі осы жолы қатты сезілді. Үйлері ұзақ уақыт бойы шайқалған. Тұрығындар үрейленіп, үйлерін тастап, далаға шығып кеткен.

Қаланың әр аймағында төтенше жағдай кезінде халық жиналатын орындардың бәрі жұмыс істеп тұрды.

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыда жақын уақытта жойқын жер сілкінісі болмайды деп сендірді.

Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының (ҚСМ) сейсмикалық стансалар желісі таңертең Қырғызстан мен Қытай шекарасында бірқатар жер сілкінісін тіркеді.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратментінің басшысы Нұрлан Атығаев түнгі жер сілкінісі кезінде сиреналар неге қосылмағанын түсіндірді.

Жер сілкінісі салдарынан 23 қаңтар күнгі сағат 03.00-дегі жағдай бойынша сегіз адам зардап шекті.