Үш облыста автожолдардың 6 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді

Үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың алты учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы QazAvtoJol хабарлады.

Жамбыл облысында – бір учаске:

  • «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.-Қайнар а. – 79 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.

Батыс Қазақстан облысында – төрт учаске:

  • «Самара-Шымкент» 195-251 км, РФ шек.–Орал қ.– 56 км.
  • «Орал-Тасқала-РФ шек.» 4-104 км, Орал қ.-РФ шек. – 100 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді.

  • «Чапаево-Жалпақтал-Казталовка» 0-213 км, Чапаево а.-Казталовка а. – 213км.
  • «Подстепное-РФ шек.» 0-36 км, Подстепное а.-Федоровка а. – 36км.

Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.

Солтүстік Қазақстан облысында – бір учаске:

  • «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 62-228 км, Возвышенка а.-Рощинское а. – 166 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 450 бірлік техника және 738 жолшы жұмылдырылды.