Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қандай жолдар жабылды?

Алты облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 21 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Ақмола облысында – 3 учаске 

1.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 232-260 км, Қостанай облысы шекарасынан Сұрган ауылына дейін – 28 км.

2.«Жезқазған-Петропавл» 537-552 км, Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін – 15 км. 

3.«Жақсы-Есіл-Бұзылық» 70-82 км, Ақсай ауылынан Бұзылық ауылына дейін – 12 км.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (екпінді жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) 

Ақтөбе облысында – 2 учаске

1.«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 89-234 км, Т.Жүргенов ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін – 145 км. (Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты, бұрқасын, шектеулі көрініс).

2.«Самара-Шымкент» 776-965 км, Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейін – 189 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады. 

Жамбыл облысында – 1 учаске

«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін – 79 км. 

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (екпінді жел, бұрқасын, шектеулі көрініс.

Жетісу облысында – 2 учаске 

1.«Сарыөзек-Көктал» 45-68 км, (Алтын Емел өткелінде) – 23 км.

2.«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктума стансасынан Достық стансасына дейін – 100 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (екпінді жел, шектеулі көрініс).

Қостанай облысында – 11 учаске 

1.«Екатеринбург-Алматы» 418-467 Қарабалық ауылынан Федоровка ауылына дейін – 49 км. 

2.«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 234-386 км, Ақтөбе облысы шекарасынан Денисовка ауылына дейін – 152 км.

3.«Екатеринбург-Алматы» 555-589 км,Тобыл қаласынан Щербаково ауылына дейін – 34 км.Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді. 

4.Екатеринбург-Алматы» км. 589-729 км, Щербаково ауылынан СҚО шекарасына дейін – 140 км. 

5.«Мамлютка- Қостанай» 180-404 км, СҚО шекарасынан Тобыл қаласына дейін – 224 км. 

6.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрган» 8-108 км, Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін – 100 км. 

7.«Екатеринбург-Алматы» 467-539 км, Федоровка ауылынан Қостанай қаласына дейін – 72 км.

8.«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 386-503 км, Денисовка ауылынан Рудный қаласына дейін – 117 км.

9.«Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл- РФ шек» 0-137 км, Денисовка ауылынан РФ шекарасына дейін – 137 км.

10.«Денисовка-Тавриченка-Аршалы-Комаровка» 0-96 км, Денисовка ауылынан Комаровка ауылына дейін 96 км.

11.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 108-232 км, Әулиекөл ауылынан Ақмола облысы шекарасына дейін – 124 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске

1.«Екатеринбург-Алматы» 729-768 км, Қостанай облысы шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін – 39 км.

2.«Мамлютка-Қостанай» 103-180 км, Пресновка ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін – 77 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді.

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 280 техника және 373 жолшы жұмылдырылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да