Димаш орындаған саундтрек 2 cағатта миллион көрілімге жетті (Видео)

Қытай тілінде орындалған саундтрек видеосы Sina сайтының Weibo парақшасына жүктелді. Небәрі екі сағатта оны көрушілер саны миллионға жақындады.

Ал әннің аудиосы 5 сәуір күні қытайлық QQ music қосымшасына жарияланған болатын. Алдын ала қысқа таныстырылымының Weibo парақшасындағы көрілімі 6 миллионнан асып кетті. «Battle of Memories» киносы 28 сәуір прокатқа шығады.

Кино сюжеті бойынша, кино 2025 жылы белгілі жазушы Жиаң Фың әйелімен арадағы кикілжіңнен кейін екеуінің 10 жылға созылған тату-тәтті өмірін жаңа технологияны пайдаланып есінен шығарып тастайды. Ал кейіннен әйелінің талабы бойынша  сол сәттерді есіне қайтарғанда, басына қылмыстық істердің оқиғалары оралады.

ДереккөзInform.kz