Басты бет / Қоғам /
тұман, ауа райы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ел аумағында 9 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жауын-шашын түседі, елдің солтүстік жартысында да жауын-шашын, көбінесе қар бұрқасынмен, оңтүстік жартысында көбінесе жаңбыр түрінде жауады. Тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысыныда ауа райы жауын-шашынсыз, — делінген хабарламада.

Еліміз бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram