ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

«Қазгидромет» синоптиктерінің ескертуі негізінде Алматыда 8 қаңтар күні таңертең және күндіз тұман болады.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұман жағдайында автокөлік жүргізушілері жолда абай болып, жылдамдықты төмендетіп, сақтық шараларын ұстануды ескертті.

Мүмкіндік болса сапарды кейінге қалдырып, ауа райының жақсаруын күткені дұрыс. Сонымен қатар туристер мен демалушылардан таулы жерлерде барлық қауіпсіздік ережесін сақтауды сұраймыз, — делінген хабарламада.