Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты төрт облыста және Астанда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” хабарлады.

Астанада – бір учаске

Ақмола облысында — бір учаске

  • «Екатеринбург-Алматы» 1 292-1 353 км, Жібек жолы ААП- Қарағанды облысының шекарасына дейін — 61 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.

Жетісу облысында — бір учаске

  • «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. дейін – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

Қарағанды облысында – алты учаске

  • «Екатеринбург-Алматы» 1 505-1 854 км, Новостройка а.-Балқаш қ. дейін — 349 км.
  • «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 231-324 км, Павлодар обл.шек-Ботақара к. дейін — 93 км.
  • «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-217 км, Қарағанды қ. — Қарқаралы қ. аралығында — 200 км.
  • «Қызылорда-Павлодар» 970-1135 км, Қарағанды қ. — Павлодар обл.шек. дейін — 165 км.
  • «Қызылорда-Павлодар» 788-906 км, Ұлытау обл.шек.-Топар к. дейін – 118 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
  • «Екатеринбург-Алматы» 1353-1426 км, Ақмола обл.шек-Теміртау ААП — 73 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.

Павлодар облысында — екі учаске

  • «Қызылорда-Павлодар» 1 135-1 206 км, Қарағанды обл.шек.-Шідерті кенті — 71 км.
  • «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 137-231 км, Баянауыл а.-Қарағанды обл.шек — 94 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.