«Астана-Теміртау» автожолында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Астана-Теміртау» автожолында автокөліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу енгізілді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

Ауа райының қолайсыздығын ескеріп, автожолдарымен жүру бағытын алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.