Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 453–458 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 8 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 453,43 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,98 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453,05–457,05 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 454,5–458 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,91–5,11 аралығында саудаланып жатыр.
