Сегіз облыста 31 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Сегіз облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қар аралас жаңбыр, көктайғаққа байланысты сегіз облыстағы 31 жол бөлігі:

  • Ақмола облысы – 14 учаске,
  • Жамбыл облысында – бір учаске,
  • Жетісу облысында – бір учаске,
  • Қарағанды облысында – үш учаске,
  • Қостанай облысында – бес учаске,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – бес учаске,
  • Түркістан облысында – бір учаске,
  • Ұлытау облысында – бір учаске де  көліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 407 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да