Алматы мен Астана арасындағы жол келесі жылы бітеді

Көлік министрлігі жол жобаларының іске асырылу мерзіміне әсер ететін негізгі факторларды атады.

Cонымен қатар Астана-Алматы бағытындағы тасжолды реконструкциялау жұмысы 2024 жылдың соңына дейін толығымен аяқталатынын мәлімдеді.

Астана-Алматы автожолы – оңтүстік өңірді Қазақстанның орталығымен байланыстыратын негізгі бағыт.

Аталған дәлізді реконструкциялау барысында төрт жолақты қозғалысы бар I техникалық санатқа ауыстыру жұмыстарымен қамту арқылы 946 шақырым жол қарастырылған. Оның 874 шақырымында (92%) жаңа жабын салынып, көліктің кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етілді.

Орталық-Оңтүстік дәлізі «Қарағанды-Балқаш», «Балқаш-Бурылбайтал», «Бурылбайтал-Күрті» сынды негізгі үш учаскеге бөлінген. Атап айтқанда, ұзындығы 363 км болатын «Қарағанды-Балқаш» учаскесі бойынша жол толығымен қолданысқа берілген. Қалған жұмыстарды 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Жалпы ұзындығы 288 шақырым болатын «Балқаш-Бурылбайтал» сегментінің 127 шақырымында биыл жұмыстар толық көлемде аяқталып, пайдалануға берілді. Ұзындығы 72 км учаскені қоспағанда, 161 шақырымда қозғалыс асфальтбетон жабыны бойынша қамтамасыз етілген. Жұмыстарды келесі жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.

Жалпы ұзындығы 295 км болатын Бурылбайтал-Күрті учаскесінде биыл ұзындығы 81 км учаске пайдалануға берілді. Қалған 214 км-де жаңадан салынған асфальтбетон жабыны бойынша қозғалыс ашылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да