Еліміздің барлық өңірінде жауын-шашын болып, жел күшейеді

Атлантикалық циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен 29 желтоқсанда еліміздің барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады.

Бұл туралы “Қазгидромет” РМК хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстікте, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, екпінді жел, бұрқасын болады деп болжанып отыр.

Сонымен қатар оңтүстік-батыста, Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Солтүстік Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының таулы аймақтарында, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында, Абай облысының орталығында, Жетісу облысының Алакөл көлі аймағында желдің күші 30 м/с және одан да жоғары болады.