Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ресейдің арктикалық аймағынан Қазақстанға суық және ылғалды ауа келуі жалғасуда, сондықтан көптеген облыстарда бұрынғысынша ауа-райы бұлтты: кей жерлерде жаңбыр, сулы қар, тұман және ауа температурасы қалыпты нормадан 2-4ºС төмен болады деп болжануда.

Алайда бірте-бірте тропосферлық ағындар бағыты солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай ауысады, сол себептен 8-сәуірде Қазақстанның көптеген облыстарында жауын-шашын азайып, ауа температурасы жоғарылайды.

Батыс облыстарда қазірдің өзінде Таяу Шығыстан ауа массаларының келуімен жауын-шашынсыз және жылы ауа райы сезілуде, температура қалыпты нормадан 3-6ºС жоғары болады.

ДереккөзBaq.kz