Қазақстанда Altel алғаш 4G+ технологиясын іске қосты

4G+ құрылғылардың техникалық сипаттамалары мен қамту аймағына қарай, деректерді 225 мбит/с дейінгі жылдамдықпен жүктеуге мүмкіндік береді.

“Биылғы жылдың басында Altel-дің көптеген абоненттері өздерінің мобильді құрылғыларында  4G+ белгісінің пайда болғанын байқады. Бұл – өткен жылдың желтоқсан айынан басталған, жиілікті агрегациялау бойынша ұзаққа созылған жұмыстың нәтижесі болды. Іске қосу үшін біз өз абоненттеріміздің басым көпшілігі тұратын қалаларға – Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Тараз, Қызылорда, Көкшетау, Талдықорған, Семей, Павлодар, Қостанай және Петропавл қалаларына баса назар аудардық» дейді компания өкілдері.

Қазіргі уақытта компания аталған қалаларда LTE-Advanced стандартының 100% дерлікқамтылуын қамтамасыз етіп отырмыз. Мамыр айында бұл технология сондай-ақ Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Орал қалаларында қолжетімді болады.

Айта кетейік, 2010 жылы «Altel» Қазақстанда 3G стандартын іске қосуды алғашқы болып жүзеге асырды, ал 2012 жылы – 4G стандартындағы интернетті коммерциялық пайдалануды іске іске қосты.

ДереккөзNaryk.kz