Еліміздің бірқатар өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

Абай мен Қостанай облыстарында оқушылар қашықтан оқыту форматына көшті. Бұл туралы жергілікті білім басқармасы хабарлады.

2023 жылғы 27 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Семей қаласының I ауысымда оқитын 1-11-класс оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, — делінген хабарламада.

Қостанай облысында (Наурызым ауданы, Ұзынкөл ауданы, Арқалық қаласында) жел мен көктайғаққа байланысты бірнеше ауданның бірінші ауысымдағы оқушылары онлайн оқиды.

Меңдіқара және Қарасу аудандарының мектептері де жартылай қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да