Түрікменстан президенті Астанаға келеді

Мемлекеттік сапар жайлы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов шет мемлекеттердің елшілерімен кездесу кезінде мәлімдеді.

 «Жақында Өзбекстан президенті Қазақстанға сапар жасады. Қазіргі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бакуге ресми сапармен барып келді. Алдағы уақытта бізге Түрікменстан президенті келеді. Мемлекеттік сапар Астанаға жасалады. Осылайша, еліміздің саяси өмірі үлкен оқиғаларға толы екенін анық байқауға болады», — деді министр.
Еске сала кетейік, бүгінгі кездесу Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын шетел дипломаттарына таныстыруға арналып отыр.
ДереккөзBaq.kz