Назарбаев Өзбекстан Президентімен кездесуде

«Ұлыстың ұлы күні, бәріміздің ортақ мерекеміз — Наурыз мейрамында келіп отырсыз. Бауырлас өзбек халқына, өзіңізге зор денсаулық пен үлкен табыстар тілейміз. Біз туысқан ел ретінде өзбек халқының, өзбек мемлекетінің өркендеп, өніп үлкен жетістіктерге жетіп отыруын қалаймыз», — деді Елбасы екіжақты кездесу барысында.

Қазақстан Президенті өзбек әріптесінің қазақ еліне үлкен бизнес делегациямен де келіп отырғандығын баса айтты.

«Біздің қабылдайтын, қол қоятын құжаттарымыздың барлығы екі елдің арасында жаңа белес, жаңа жол ашады деп санаймын. Келген жолыңыз ақ болсын! Сіз билік басына келген 5 айдың ішінде екі елдің арасындағы сауда-саттық 30 пайызға жоғарылады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ДереккөзInform.kz