Жетісу облысында республикалық автожолдың бір бөлігі жабылды

Қазіргі уақытта бір облыста республикалық маңызы бар автожолдардың бір учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады.

Жетісу облысында «Үшарал-Достық» автожолында 84-184 километр, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін 100 километр жерде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 330 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.