Бұрқасын, қар, көктайғақ: 21-23 желтоқсан күндері ауа райы қандай болада?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 21-23 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.

Кезеңнің басында республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде, сонымен қатар орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), түнде солтүстік пен шығыста қатты қар күтіледі.

23 желтоқсанда Атлантикалық циклонының әсерінен Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын, екпіні 25 м/с-қа дейін жететін жел күтіледі. Сонымен бірге тұман болады. Дегенмен, ауа температурасында күрт өзгеріс күтілмейді, — делінген синоптиктер мәліметінде.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да