Бәйдібек аудандық сотында сот төрағасы М.Сарсеновтың төрағалық етуімен және судья Ж.Қосалбаев, «ЖШС Арнұр Кредит МҚҰ» өкілі Н.Б.Байжанұлы, «Позитив Securities» Коллекторлық агенттігі» ЖШС-нің өкілі А.Ж.Турабекова және «Коллекторлық агенттігі» «Эксперт Плюс» ЖШС-нің өкілі Б.Елеусизовтың қатысуларымен ватсап желісі арқылы кездесу өтті.
Іс-шарада сот төрағасы М.Сарсенов сотқа түсетін талап қоюлардың мемлекеттік тілдегі үлесін көтеру мақсатында соттарға орыс тілінде талап қоюларды көп беретін ұйымдардың азаматтық істерін қарау барысында туындаған мәселелер бойынша қысқаша баяндап өтті.
Төраға өз баяндамасында Мемлекеттік тілді дамыту – еліміздің мемлекеттік саясатының аса маңызды бағыттарының бірі екенін айтып өтті. Жалпы мемлекеттік тілдің маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайтуға күш салғанымыз жөн. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатынын және сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылатынын атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабының талаптарына сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сот істі сот талқылауына дайындау сатысында талап қоюшының талап арызы берілген тілді жеткілікті дәрежеде білетіндігін, сот ісін жүргізудің мәні мен мағынасын түсінетіндігін анықтауға тиіс. Сот талап қоюшыдан тиісті жазбаша өтінішхат түскен жағдайда сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді ұйғарым шығарады. Тараптардың тең құқықтылығы қағидатын ескере отырып, сот осы мәселе бойынша жауапкердің де пікірін анықтауға міндетті.
Азаматтық істер бойынша сот талқылауына дайындық аяқталғаннан кейін құжаттар мен өзге де материалдарды сот ісінен өзге тілде ұсынған тараптар олардың аудармасын өз бетінше қамтамасыз етеді. Сот процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы қаулы шығаруға және істі мемлекеттік (қазақ) тілде қарауды жалғастыруға құқылы екенін атап өтті.
Өз кезегінде «Эксперт Плюс» ЖШС-нің өкілі Б.Елеусизов талап қоюды қазақ тілінде беру қосымша шығындарды талап ететінін,яғни құжаттар орыс тілінде жасалғандықтан оларды қазақ тілінде аударма жасауда қажет ететінін айтты.
ПозитивSecurities» Коллекторлық агенттігі» ЖШС-нің өкілі А.Ж.Турабекова бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша талап қоюларды қазақ тілінде беру шаралары жүргізіп жатқандығын атап өтті.
«ЖШС Арнұр Кредит МҚҰ» өкілі Н.Б.Байжанұлы талап қоюлар орталық кеңседегі заңгерлер дайындайтынын, сондықтан соттың талап қоюларды қазақ тілінде беру туралы өтінішін оларға жеткізетінін айтты.
Іс шара соңында төраға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, өзара пікірлер алмасты.
