Бурабай ЮНЕСКО-ның геопарктер тізіміне енуі мүмкін

Қазір шетде ғаламтордан Бурабай жайлы ақпарат табу қиынға соғады екен. Ал курортты аймақ ЮНЕСКО-ның геопарктер тізіміне енсе, халықаралық ұйым, аңыз өлке жайлы мәліметтерді жинақтап, оның қолжетімді болуын қамтамасыз етпек. Әрі бұл аймақта туризмді де түрлендіріп, оны дамытуға сеп болады.

Бұл туралы Бурабайға келген ЮНЕСКО-ның өкілдері, ғаламдық геопарктер тізіміне қалай енуге болатынын түсіндірді. Ол үшін Қазақстан тарапы биылғы қазан айында ұйымның Франциядағы бас штаб-пәтеріне өтініш-хат жолдауы қажет. Ол өтініш 3 ай қаралған соң тиісті шешім шығады.

Айта кетейік, қазір аталған халықаралық ұйымның қарамағында 119 геопарк бар.

ДереккөзKhabar.kz