Қар, тұман, аяз: 14-16 желтоқсан күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 14-16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады, дегенмен аяздың беті қайта бастайды.

Қазақстанның шығысы арктикалық антициклонның ықпалында болады. Сондықтан мұнда аязды температура әзірге тұра береді.

15-16 желтоқсанда атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады.

Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, боран соғады, таулы аймақтарда тұман түседі, республиканың батысында шаңды дауыл тұрады.

Ауа температурасы түнде бірте-бірте көтеріледі. Батыста — 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста және орталықта — 10-25 градус аяз, солтүстікте — 17-28 градус, оңтүстікте — 5-18 градус, оңтүстік-шығыста — 10-25 градус аязға дейін жылынады. Қазақстанның шығысында 30-40 градус аяз сақталады, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да