Басты бет / Қоғам /
6718e42e5b40c06f2effdc46c1700235 Түркістан полицейлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Түркістан полицейлері 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады

Түркістан облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, 9 жыл халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы ер адамды ұстады. Анықталғандай, күдікті деп танылған Ресей азаматына есірткіні заңсыз сақтау қылмысы үшін 2014 жылы іздеу жарияланған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кентау қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскердің орналасқан жерін анықтады. Одар әрі жедел уәкілдердің жүйелі жүргізілген әрекеттерінің арқасында ер адам Кентау қаласындағы пәтерлердің бірінен ұсталды.
Полицейлер оны қалалық полиция бөліміне жеткізді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram