Бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Қазақстанның бірнеше облысы мен қаласында ауа райының суытуына байланысты мектептердегі сабақ тоқтатылды.

Бұл туралы Павлодар қаласының білім бөлімі хабарлады.

Ауа райының нашарлауына байланысты 12 желтоқсанда мектеп жасына дейінгі, сонымен қатар Павлодар қаласының бірінші ауысымындағы 1-11-класс оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.

Сонымен қатар Екібастұзда мектепке дейінгі және 1-11-класс оқушыларының сабақтары онлайн форматқа көшірілді. Екі қалада ауа температурасы 30 градус аязға дейін төмендеді, желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр болады.

12 желтоқсанда Абай облысында ауа райының қолайсыздығына — температураның төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы оқушылардың сабағы тоқтатылды:

  • Семей – 1-4-кластар;
  • Курчатов — 1-9-кластар;
  • Абай облысы – 1-9-кластар;
  • Ақсуат ауданы – 1-9-кластар;
  • Жарма ауданы – 1-11-кластар;
  • Бородулиха ауданы, 4 мектеп – 1-4-класс, 24 мектеп – 1-11-класс;
  • Бесқарағай, Көкпекті, Аягөз аудандары – 1-11-кластар қашықтан оқу форматына көшірілді. Қалғандары әдеттегідей оқиды.

ШҚО білім басқармасының мәліметінше, 12 желтоқсанда аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқу форматына көшірілді:

  • 0-ден 4-класқа дейін Өскемен, Күршім ауданы (Жолнұсқау, Ақсуат орта мектептері), Глубокое ауданы, Тарбағатай ауданы (Тұғыл ауылы), Алтай ауданы;
  • 0-ден 7-класқа дейін Тарбағатай ауданы (Байтоғас ауылы);
  • 0-ден 9-класқа дейін Алтай аймағы, Риддер қаласында (Чапаевская, Путинцевская, Зубовская орта мектептері);
    0-ден 11-класқа дейін Алтай аймағында (Первороссийская, Тургусунская, Леснопристанская ауылдық мектептері).

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да