ШҚО ауылдарында сабақ онлайн форматқа ауысты

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауылында оқушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқиды.

Бұл туралы ШҚО білім беру басқармасы хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 желтоқсанда ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда көктайғақ пен боранға байланысты бірқатар ауылдағы мектеп оқушылары онлайн форматта оқиды.

Күршім ауданы Төсқайың ауылындағы мектепте 1-2 ауысымның 1-11-класс, Самар ауданы Амангелді ауылындағы мектепте 1-9-класс, Күршім ауданы Барақ Батыр, Шанағаты ауылдарындағы және Глубокое ауданы Предгорное ауылындағы орта мектепте 1-4-класс оқушылары мектепке бармайды, — делінген ақпаратта.