Ұлттық банк доллар мен рубльдің 11 желтоқсанға арналған бағамын белгіледі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 457,61 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,99 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458-463 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 458,7-461,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,99-5,15 аралығында саудаланып жатыр.
