Азаматтық авиация комитеті жылды қорытындылады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, биыл Қазақстанда 7 миллионнан аса адам ұшқан.
2023 жылдың 10 айында 11 046 430 жолаушы тасымалданды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 23%-ке артық (8 931 576). 2023 жылы 10 айда ішкі бағыттар бойынша тасымалданған жолаушылар саны 7 535 135 адам, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 19%-ке артық (6 308 551 адам), — делінген хабарламада.
Сонымен қатар 2023 жылдың 10 айында халықаралық бағыттар бойынша 3 511 295 жолаушы тасымалданды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 34 пайызға артық (2 623 025).